RU
Қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалі қайтарылатын болды
Жаңалықтар Спорт

Қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалі қайтарылатын болды

Рассказать Вконтакте

Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық үш спортшыға Олимпиада медалін табыстайтын болды. Атап айтсақ, зілтемірші Алла Важенина мен Анна Нұрмұхамбетова және жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға бірнеше жылға созылған тексеруден соң медальдар қайтарылатын болды деп хабарлайды olympic.kz.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті мен Спорттық арбитражды соттың Тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 75 келі салмақта бірінші орын иеленген қытайлық Лей Цаоның спорттан шеттетілгенін айтты.

Осылайша қайта тексеруден соң қазақстандық Алла Важенина Бейжің Олимпиадасының алтынына лайық деп танылған.

Сондай-ақ аталған Олимпиадада үш қарғып секіруден төртінші орын иеленген Ольга Рыпакова спортшылар допинг-сынамасын қайта тексерген соң Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Себебі, ХОК пен CAS Тәртіптік комиссиясы ресейлік Татьяна Лебедева мен грекиялық Крисопиги Деветциді спорттан шеттеткен.

Ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында ауыр атлетикадан 69 келі салмақ дәрежесінде бесінші орын иеленген қазақстандық Анна Нұрмұхамбетова Олимпиаданың қола жүлдегері деп танылды.

Себебі, Тәртіптік комиссия Олимпиада ойындарында екінші және үшінші орын иеленген Марина Шкерманкова мен Дзина Сазанавецті шеттетіп тастаған.

Осылайша, Алла Важенина 2008 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері және Анна Нұрмұхамбетова Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. 

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
21
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel