RU

Санк-Петербургте фура кабинасында асылып қалған қазақстандық табылды

Санк-Петербургте фура кабинасынан Қазақстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы "Невские новости"- ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: uza.uz
Көрнекі фото: uza.uz: Depositphotos

Марқұмның денесін 9 желтоқсан күні Фрунзе ауданындағы Софийской көкеніс базасында тұрған жүк машинасы кабинасынан тауып алған.

Ер адамның денесі Mercedes-Benz Actros жүк көлігі кабинасының төбесіндегі люгіне байланған күртешенің бауында ілініп тұрған.

Басылымның хабарлауынша, қаза болған азамат алысқа қатынайтын жүргізуші болған. Ол Санк-Петербургке 4 желтоқсан күні Қазақстаннан жуа алып келіпті.

Қазіргі таңда ресейлік құқық қорғаушылар оқиғанын мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767766-sank-peterburgte-fura-kabinasynda-asylyp-kalgan-kazakstandyk-tabyldy.html