RU

Оралда жұмысшының үстіне бетон плитасы құлап кетті

Оралда 20 қараша күні 1956 жылы туған азаматтың үстіне бетон плитасы құлап кетті. Жұмысшы оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Facebook

Бұл оқиғаға қатысты БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшының орынбасары Арман Тұйғынбеков Төтенше жағдайдың "Орал жаңа үй құрылыс комбинаты" ЖШС-да болғанын айтты.

"Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Комиссия құрамына өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі маман енгізілді", - деді Арман Тұйғынбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767802-oralda-zmyssyny-stine-beton-plitasy-klap-ketti.html