RU

Анасы өлдіге санаған қызын 69 жылдан кейін кездестірді (фото)

ДНҚ анализі 69 жастағы ағылшын азаматшасына анасын тауып алуға көмектесті деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Connie Moultroup
Фото: Connie Moultroup: Facebook

Конни Маултруп 1949 жылы өмірге келіп, бірнеше уақыт жетімдер үйінде өскен. Ол 5 жасқа келгенде, асырап алған анасы қатерлі ісіктен қайтыс болған. Екінші әкесі болса басқа әйелге үйленіп, ол келіншек Конниді ұната қоймаған екен. Ал бойжеткен болса анасын табуды өмір бойы армандаған.

Бір жыл бұрын қызы Конниге аncestry.com сервисін сыйлаған, ол ДНҚ тест көмегімен туыстарын іздеуге көмектесіпті. Бір күні аталған сервис оған алыс туысын тауып берген, Конни болса туысынан "Дженевив Пьюринтон есімді азаматшаны танисыз ба?" деп сұрайды. Туысы: "О, танимын, менің әпкем ғой. Ол тірі", - деп жауап берген.

Ал Коннидің 88 жастағы анасы Дженевив Пьюринтон жалғыз өмір сүрге. Индианадағы аурухана қызметкерлері Конни өмірге келгенде анасына "қызың туған кезде қайтыс болды" деп айтқан.

"Ол тұрмыста болмаған соң, мені өліп қалған деп айтқан екен. Тіпті менің тірі екенімді де білмеген" - деп түсіндірді Конни.

Айта кетейік АҚШ-та 1973 жылы Жоғары сот түсік жасатуды заңдастырғанға дейін, некесіз туған баланы анасына бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767809-anasy-ldige-sanagan-kyzyn-69-zyldan-kejin-kezdestirdi-foto.html