RU

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі байқамай әжейді 300 метрге дейін сүйреп кеткен

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кеткенін байқамай қалған. Осылайша ол әжейді 300 метрге дейін сүйреп әкеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: sovetskaya-adygeya.ru
Көрнекі фото: sovetskaya-adygeya.ru: Facebook

Оқиға Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы Бекмаханов көшесінде орын алған. Қазіргі уақытта полицейлер әжейді нақты қай жерде қағып кеткенін анықтап, куәгерлерді анықтап жатыр.

Көше бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі 73 жастағы қартты қағып кеткенін байқамағанын айтады. Оған бұл жайында басқа көліктегі адамдар белгі беріп, түсіндіріпті.

Сонда ғана ол жүк көлігінің астына қысылған әжейдің денесі жол ортасында қалғанын байқаған көрінеді.

Марқұм Бекмаханов көшесінде жаяу жүргіншілер өткелінде көлік астына түскен болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767825-almatyda-zk-kligini-zrgizusisi-bajkamaj-zejdi-300-metrge-dejin-sjrep-ketken.html