RU

Көптен бері бой көрсетпеген Қанат Ислам ринге қашан оралмақ?

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам рингке қашан оралатынын айтты деп хабарлайды Vesti.kz.

Фото: kg.utro.news
Фото: kg.utro.news: Twitter

Отандық спортшы жарақатынан енді жазылып жатқанын, жаттығуға жақында кіріскенін жеткізген.

Ал ендігі кездесуін спортшы келесі жылы өтеді деп жоспарлап отыр екен.

"Наурызда, Америкада жұдырықтасып қайтамын деп отырмын, бұйырса", - дейді Қанат Ислам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767846-kpten-beri-boj-krsetpegen-kanat-islam-ringe-kasan-oralmak.html