RU

Маңғыстауда құны 215 млрд теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда

Астанадағы Орталық телекоммуникациялар орталығында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өңірдің транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетіне тоқталып, бұл салада да аймақтың потенциалы жоғары екенінін ерекше атап өтті.

Өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда

Республиканың және өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту бағытында облыста инвестициялық құны 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда. Олар:

1. «Құрық портындағы паром кешені»

2. «Шетпе - Бейнеу», 300 км;

3. «Жетібай - Жаңаөзен», 73 км;

4. «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» 84 км;

5. «Құрық - порт Құрық», 22 км;

6. «Ата жолы», 51 км;

7. «Жыңғылды – Шайыр - Шерқала», 30 км;

8. «Қияқты - Тұщықұдық», 23 км;

9. «Ақтау - Қаламқас» және «Таушық - Шетпе», 84 км.

Осы жобалардың ішіндегі ең ірісі Құрық портындағы паром кешені. Паром іске қосылғаннан бері 3 млн. тонна жүк жөнелтілді.

Өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда

Автомобил кешені толық қуатына енген кезде жүк тасымалының көлемі жылына 4 млн. тоннаға жетеді. Жалпы 2020 жылға дейін болжам –контейнерлік тасымалды 60 есеге дейін арттыру.

Өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда

Бұл болжамды жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан» шекарасы» автомобиль жолының іске қосылуы. Жаңа жолдың құрылысы тәулігіне 1,5 мыңнан 7 мыңға дейін артыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы республикалық жолдармен қатар ауыларалық және ауылішілік жолдарды дамытудың маңыздылығын атап көрсетті. Жыл сайын осы мақсатқа бюджеттен 8 млрд.теңге қаржы бөлініп тұрады. Бұл өз кезегінде 150 км-ге жуық жолдарды жөндеу және құрылысын жүргізуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда

«Елбасының тапсырмасы бойынша өңірде іске асырылатын маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлікті қолдау көрсету. Жұмыс екі бағытта жүргізілуде: микрокредит беру және өңірлік бағдарламаны іске асыру.

Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсіммен 1,8 млрд. теңге микрокредит бөлінді. Нақтысы 310 адамға 1,6 млрд. теңгеге микрокредит берілді. Сонымен қатар, басқаларда баламасы жоқ, 1%-бен несие берілетін «Нұр капитал» өңірлік бағдарламасының іске асырылуда. Құны 3,4 млрд.теңге болатын 200-ге жуық бизнес өтінімдер екінші деңгейлі банктерде қаралуда (30 кәсіпкерге 641 млн.теңге сомасына несие берілді).

Нәтижесі: аудан мен ауылда жаңа 10 шағын кәсіпорын құрылып, 316 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға 215 млрд. теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылуда

Мемлекет тарапынан көрсетілген осындай қолдаулар нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46 мыңнан 51 мыңға дейін артты» деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов. (2017 жыл 10 ай - 46 мың бірлік немесе өсім - 8,4%, 2017 жыл - 47 мың бірлік немесе өсім – 6,4%). Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 118,6% өсіммен 31 070 жұмыс орны құрылды (2018 жылдың жоспары 26 мың жұмыс орны, 2017 жыл 10 ай – 26 203 жұмыс орны). Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1%-ға дейін азайды. Өңір экономикасының перспективалы бағыттарының бірі - агроөнеркәсіп. Саланы дамыту бағытында 5 жылдық Концепция жасақталып, орталық органдармен келісілді. Есепті кезеңде 13 млрд.теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өсім 103,5%-ті құрады. Жыл басымен салыстырғанда мал саны 13%-ке немесе 502 мыңнан 565 мыңға дейін өсті. Жылыжайлар саны 1,5 есеге өсіп, 41 бірлікті (24 га) құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767848-magystauda-kny-215-mlrd-tege-bolatyn-9-iri-investicialyk-zobalar-iske-asyryluda.html