RU

11 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал

Бүгін маңызды шешім қабылдағанда мұқият болған абзал. Ішкі түйсігіңіз бен өмірлік тәжірибеңізге сүйеніңіз. obozrevatelсайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 11 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua
Көрнекі фото:fakty.ua: Facebook

1. Тоқты

Бүгін кешке қарай басқалардың кемшіліктеріне тым қатал боласыз. Сіздің сөздеріңізге адамдар ренжімей, құлақ асулары үшін ойыңызды басқаша жеткізуге тырысыңыз.

2. Торпақ

Бүгін басқалардың сөзіне емес, өзіңіздің өмірлік тәжірибеңізге сүйеніңіз. Түйсігіңіз бен ақыл-ойыңыз күшті жұмыс істеп жатқанда көп күш пен мұқияттылықты талап ететін жұмыстарды аяқтап тастаңыз.

3. Егіздер

Бүгін отбасылық бюджетіңізге көңіл бөлгеніңіз абзал. Кейбір жоспарларды кейінге қалдырып, тіпті мүлде олардан бас тартуға тура келеді. Ақшаны тек қажетті шығындарға жұмсаңыз. Қымбат дүниені алуға келгенде асығыстық жасамаған жөн.

4. Шаян

Бүгін басқаларға үлгі болатындай күйде боласыз. Болашағыңызды жоспарлауда ұқыптылық танытасыз. Тіпті бүкіл уақытыңызды жоспар құрумен өткізуіңіз мүмкін.

5. Арыстан

Бүгін қаржы мәселесінде ұстамдылық танытасыз. Сізден ешкім қарызға ақша ала алмайды. Біреулер сол үшін сізді сараң деп атаулары мүмкін, бірақ осылайша сіз отбасылық бюджетіңізді қажетсіз шығындардан қорғайсыз.

6. Бикеш

Бүгін күні бойы біреудің тапсырмалары мен мәселелерін шешумен айналысасыз. Басқаға қажет болғаныңызды сезінуіңіздің өзі сізге бақыт сыйлайды. Көмек сұрағандарға қол ұшыңызды берсеңіз, ескі достармен достығыңызды нығайтып, жаңа таныстар табуыңыз мүмкін.

7. Таразы

Бүгін басқалардан оқшауланып, өз ойыңызға кіріп кетесіз. Тиянақтылықты талап ететін жұмыста бұл тамаша қасиет болады, бірақ ата-анаңыз бен балаларыңызды да ұмытпаңыз. Тым болмаса телефон шалып, жағдайларын сұрап қойыңыз.

8. Сарышаян

Негізгі жұмыспен айналысып, басқаға көңіл бөлмесеңіз жетістікке жетесіз. Басқа адамнан кеңес сұрауыңызға болады, бірақ жауапкершілікті ол адамның мойнына артпаңыз. Бүгін тағдырыңызды өз қолыңызға алатын күн.

9. Мерген

Бүгін басқалардың көзқарасын қабылдау қиын болады. Қателеріңізді түзеп, өз ойыңыздан бас тартқыңыз келмейді. Мұндай мінез-құлқыңыз жанжалдарға себеп болуы мүмкін, сондықтан өзімшілдігіңізді қойсаңыз дұрыс болады.

10. Тауешкі

Бүгін ой мен қозғалыс еркіндігі болады. Сапарға шықсаңыз жақсы. Бүгін белсенді болып, тағдырдың барлық тартуларын қуанышпен қабылдауға дайын болыңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін ауқымды жоспарлар құрып қана қоймай, оны жүзеге асыра аласыз. Жаңа нәрсені үйренуге және шығармашылыққа ашық болуыңыз. Ашуға бой алдырмай, тек жақсы нәрсені ойлаңыз.

12. Балықтар

Бүгін айналаңыздағы адамдарға қарап, қажет емес адамдармен қарым-қатынасты үзгеніңіз жөн. Әсіресе сыншыл, озбыр, билігі бар адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767863-11-zeltoksanga-arnalgan-zldyz-zoramal.html