RU

Қазақ қызы "Ғаламшар аруы" байқауында ерекше көйлегін көрсетті (видео)

Қазақстанды халықаралық "Ғаламшар аруы" байқауында таныстырған Сабина Әзімбаева сахнаға Алтын адамды еске түсіретін патша-жауынгердің ұлттық киімін киіп шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: instagram.com/misskazakhstan_official
Фото: instagram.com/misskazakhstan_official: UGC

26 қараша күні бастау алған байқау Таиланд елінде өтіп жатыр. Содан бері арулар фотосессияларға, қайырымдылық акцияларына қатысқан.

Ал 10 қараша күні сұлулар өздерінің колоритті киімдерін таныстырды.

Бұл конкурсқа "Алматы аруы-2017", 19 жастағы Сабина Азимбаева сахнаға Алтын адамды көрсететін киім киіп шығыпты.

Айта кетейік, бұл киімнің салмағы 30 келіні құрайды. Көйлекті Swarovski жауһарлары мен арқадағы үлкен қанаттары ерекшелеп тұрған.

Әділ қазылар алқасы да Сабинанынң бұл киіміне оң баға берген көрінеді.

Одан бөлек, Әзімбаеваның бұл киімін желі қолданушылары сөгіп тастаған. Олар аталған көйлекті "Рухани жаңғырудың" белгісі деп танып, тастар мен қанаттың артық екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767887-kazak-kyzy-galamsar-aruy-bajkauynda-erekse-kjlegin-krsetti-video.html