RU

Теміртауда кранның кабинасы опырылып, ішіндегі әйел жазым бола жаздады

Теміртаудағы метталургиялық комбинатта аспалы кранның кабинасы опырылып қалды. 15 метр биіктікте салбырап тұрған кабинадан кранды басқаратын әйелді құтқарушылар әрең дегенде түсіріп алған деп хабарлайды КТК.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: Depositphotos

Құтқарушылар келгенше краншы әйел әрең шыдаған. Өйткені, биікте жіңішке ғана темірге ілініп қалған кабинаның үзіліп түсуі мүмкін болған.

Артынша комбинаттың қауіпсіздік қызметі келіп, келіншекті жерге аман-есен түсіріп алған.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын комбинатта жарылыс болып, құбырдың тас-талқаны шыққан. Ал құлаған кран сол құбырларды тасымалдап жүргендердің бірі екен.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767890-temirtauda-kranny-kabinasy-opyrylyp-isindegi-jel-zazym-bola-zazdady.html