RU

Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған" атты жалпыұлттық телекөпір өтеді. Шара бүгін 11 желтоқсанға жоспарланған деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: abctv.kz
Фото: abctv.kz: Depositphotos

Жыл сайынғы телекөпір бүгін сағат 13:00-де "EXPO Конгресс орталығында" басталады.

Телекөпір барысында бүкіл республика бойынша түрлі жаңа жобалар іске қосылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, жиында "Алтын сапа" президент сыйлығының, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2018" байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Марапаттау рәсімі Елбасының қатысуымен өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767912-nazarbaevty-katysuymen-zalpylttyk-telekpir-tedi.html