RU

Ойсырай ұтылған футболшыларды президент ерекше әдіспен жазалаған (фото)

"Фенербахче"-нің Түркия чемпионатындағы кезекті жеңілісінен кейін аталған клубтың президенті ойыншылар мен жатықтырушыларды ерекше әдіспен жазалаған. Бұл туралы Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Фенербахче" футболшылары. Фото: evrensel.net
"Фенербахче" футболшылары. Фото: evrensel.net: Facebook

"Фенербахче" клубының президенті Али Коч әуе рейсін тоқтатып, ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамын автобуспен Стамбулға қайтуға мәжбүрлеген. Бұл туралы спорт журналисті Бруно Боттаро твиттердегі парақшасында жазған.

Акхисар мен Стамбулдың арасындағы жол ұзақтығы автобуспен 5 сағатты қамтиды.

Еске сала кетсек, 9 желтоқсан күні "Фенербахче" "Акхисар" клубынан 0:3 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Стамбулдық клуб ұлттық чемпионатында 17 орында келе жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767916-ojsyraj-tylgan-futbolsylardy-prezident-erekse-dispen-zazalagan-foto.html