RU

23 метрлік фата: Приянка Чопра мен Ник Джонастың үйлену тойы қалай өтті?

Соңғы үш айда Приянка Чопра мен Ник Джонастың жұбы күллі әлем назарында ілікті. Көпшілік 36 жастағы үнді актрисасы мен 26 жастағы әншінің үйлену тойын әлі талқылға салуда. Осы орайда comode.kz сайтына сілтемe жасаған NUR.KZ жұлдызды жұп жайлы қызықты мәліметтерді назарыңызға ұсынады.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

1. Приянка Чопра мен Ник Джонастың таныстығы бірнеше жыл бұрын орын алған. Алайда, олардың қарым-қатынасы тек 2018 жылдың мамыр айында бастау алады. Араға бір-екі ай сала америкалық әнші сүйіктісіне ұсыныс жасап, аса қымбат сақинаны тарту еткен.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Twitter

2. Тамыз айында Ник Джонас ата-анасымен бірге Мумбайға келіп, Приянканың отбасымен танысты. Ғашықтар жақындарының көзінше, бір-біріне адал болуға уәде беріп, танымал рока салтын іске асырды. Айта кетерлігі, салтанатты шара кезінде қалындық қана емес, күйеужігіт те үнді ұлттық киімінде болған.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

3. Келесі қадам - қыз-ойнақ. Ресми түрде қалындық атанған Приянка өзінің қыз-ойнағын ауқымды түрде өткізді. Бірінші көңілді кеш Нью-Йорк қаласында болса, екінші қыз-ойнақ Амстердамда жалғасын тапқан. Екі шарада да Приянка Чопраның абысыны Софи Тернер болған.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Twitter

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

4. Қараша айында Ник пен Приянка қайтадан Үндістанға жол тартты. Бұл жолы ғашықтар алғыс айту мерекесін қалындықтың отбасымен тойламақ болған. Бір қызығы, АҚШ-тың ұлттық мерекесі үнді салт-дәстүрі бойынша өтті. Мейрам соңы тойға дайындықпен жалғасқан.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Twitter

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

5. Бұдан соң Ник пен Приянка Джодхпур қаласына барды. Мұнда 29 қараша мен екінші желтоқсан арасында некелесу дәстүрі тойланды. Күйеу жігіт көпшілік алдына атқа мініп шықса, кейін ғашықтар дәстүр бойынша пілмен жүріп, Вар Мала салтынан өткен. Үнді халқының бұл салты бойынша, болашақ ерлі-зайыптылар гүлшоқтарымен алмасуы қажет. Барлық міндетті шарттар атқарылған соң, нағыз думанды той басталып кетті.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Getty Images

6. Ең қызығы, жұлдызды жұп екі мәрте некесін қиған. 225 адам куә болған екінші үйлену тойы Джодхпур қаласындағы Умайд-Бхаван сарайының алдында болды. Бұл жолы некелесу христиандық үлгіде өткен. Приянка Чопра өзі үшін арнайы тігілген фатасының ұзындығы 23 метр болатын аса қымбат көйлек киіп шыққан.

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Getty Images

Фото: woman.ru
Фото: woman.ru: Instagram

Фото: People
Фото: People: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767922-23-metrlik-fata-prianka-copra-men-nik-dzonasty-jlenu-tojy-kalaj-tti.html