RU

Жынысын ауыстырған боксшы рингте алғаш рет жеңіске жетті (фото)

Америкалық трансгендер боксшы өзінің алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді деп хабарлайды Сегодня сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: Fightnews.com
фото: Fightnews.com: Facebook

Америкалық трансгендер бокшысы Патрисио Мануэль кәсіпқой рингтегі бірінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Өткен сенбіде Мануэль мексикалық қарсыласы Уго Агиларамен Индио (Калифорния штаты) қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шыққан.

Екінші орташа салмақтағы сайыста төрешілердің шешімімен жеңіс бірауыздан Мануэльге берілген.

"Қарсы пікір білдірушілердің алдында қалпағымды шешемін. Ол менімен еркекше шайқасты. Осы үшін оны қатты құрметтеймін. Шындығында бұл рингке шығу үшін көптеген қиыншылықтарға төтеп бердім. Мен спортты әлі аяқтағаным жоқ. Сондықтан тағы келемін", - дейді өзінің жеңісінен кейін Мануэль.

Еске сала кетсек, Мануэль 2012 жылға дейін әйел болған, спортпен жиі айналысып АҚШ-тың олимпиадалық әйелдер құрамасына үміткер атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767931-zynysyn-auystyrgan-bokssy-ringte-algas-ret-zeiske-zetti-foto.html