Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда екі әйел мен үш жасар қыз эскалатордан құлап кетті

Опубликовано:

8 желтоқсан күні Атыраудағы сауда орталықтарының бірінде эскалатор тұтқаларындағы ақауларға байланысты екі әйел мен үш жасар қыз құлап кеткен. Бұл туралы "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Facebook

Сауда орталығында болған жағдайды өз көзімен көрген куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Құлаған соң егде тартқан әйелдің қолы мен аяғы зақымданып, құлағы кесіліп кетті. Ал менің туысым аяғынан жарақат алған. Сауда орталығының әкімшілігі ол күні болмады. Айтуларынша, оларда демалыс күні болғандықтан, дүйсенбі күні ғана жұмысқа шығады екен.
Күзетшілер тез арада жедел жәрдем шақырды. Артынша дәрігерлер әйелдің құлағына ем-дом жасады. Бірақ екі сағаттан соң қан қайта ағып, келіншек клиникаға баруға мәжбүр болыпты", - деді ол.

"Тамаша" сауда орталығының басшылығы бұл оқиғаны растады. Күзетшілер мен саудагерлердің айтуынша, бұл эскалатормен болған алғашқы жағдай емес.

Анықталғандай, эскалатор тұтқаларының жұмыс істемей тұрғанына біраз уақыт болған. Тіпті, ол тұтқаларда сары қағазға жазылған ескертулер бар екен. Онда тұтқалардың бір жақ тұсы істемейтіні екі тілде жазылыпты.

Одан бөлек, сауда үйінің басшылығы жаңа тұтқаға тапсырыс бергенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1767945-atyrauda-eki-jel-men-s-zasar-kyz-eskalatordan-klap-ketti/

pixel