RU

Павлодарда темекі тұқылының кесірінен 40 адам құтқарылды

Павлодарда тұрғындардың темекіні салғырт қолдануының салдарынан бес қабатты тұрғын үй өртке оранды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Көрнекі фото: ukrinform.ua
Көрнекі фото: ukrinform.ua: Depositphotos

Таңғы сағат 4-тен асқанда Павлодардағы Лермонтов көшесі, 94-те орналасқан бес қабатты үйден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер сол аралықта 40 тұрғынды сыртқа алып шығып, алғашқы көмек көрсеткен. Олардың 10-ы балалар.

Мамандардың сөзіне сенсек, 14 адам мен бес техника өртті бір сағатта ауыздықтаған.

Тілсіз жау бірінші қабаттың 10 шаршы метрдей аумағын қамтыған.

Алдын ала болжам бойынша өрт шылым шегу кезінде салғырттық танытудан болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767952-pavlodarda-temeki-tkylyny-kesirinen-40-adam-ktkaryldy.html