RU

Ваннада телефонмен сөйлескен ресейлік чемпион ажал құшты

Панкратионнан Ресей чемпионы Ирина Рыбникованы ваннада тоқ соғып өлтірген. Спортшының өлімі жайлы панкратион федерациясының Ангарский бөлімінің басшысы Абдулатив Казбеков хабарлаған. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

KazanFirst
Фото: KazanFirst: Instagram

Оқиға сегізінші желтоқсанда болған. Бойжеткен ваннада жуынып отырып, тоққа сұғылып тұрған телефонмен сөйлескен.

"Телефон қолынан суға түсіп кетіп, тоқ соғып өлтірген", - деді Абдулатип Казбеков.

Федерация спортшының туыстарына көмектесуді қарастырып жатыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767954-vannada-telefonmen-sjlesken-resejlik-cempion-azal-ksty.html