RU

Қырғызстанда премьердің кортежі үшін жолдан өте алмаған халық шу шығарды

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданының тұрғындары премьер-министрдің кортежі үшін жолдан өте алмағандарын айтып, шу шығарды. Бұл туралы turmush.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Turmush.kg
Фото: Turmush.kg: Facebook

Аудан тұрғындары премьердің кортежі үшін жолдан өткізбей қойған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне өз реніштерін білдірді. Тұрғындар 8 желтоқсан күні болған жағдайды видеоға да түсіріп алған.

Фото: Turmush.kg
Фото: Turmush.kg: Facebook

Ал премьер-министр Мұхаммедқали Әбілғазиев Жалал-Абад облысына ресми іс-сапармен барған. Ол Базар-Қорған ауданы Көк-Алма ауылында ашылатын әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысатын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767955-kyrgyzstanda-premerdi-kortezi-sin-zoldan-te-almagan-halyk-su-sygardy.html