RU

Желіде алып қасқыр атып алған қырғыз жігітінің суреті тарап кетті (фото)

Қырғызстанның Орук-Там Нарын ауданында алып көкжал қасқырды Жүрер ұлы Ақыл есімді жігіт атып өлтірген. Бұл туралы turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

turmush.kg
Фото:turmush.kg: Facebook

Талды Су ауылының әкімі Бердігүл Аалиевтың айтуынша, қыс басталғалы жыртқыштардың малға шабуылдауы көбейген. Көкжал қасқырды Жүрер ұлы Ақыл атып алған.

turmush.kg
Фото: turmush.kg: Facebook
"Бұл кәрі қасқыр. Тістері қалмапты. Жарты құлағы жоқ", - деді ауыл басшысы.

Ауыл әкімі аңшылармен сөйлесіп, жанармайларын құйып беріп, жыртқыштар шабуылдаған елді мекендерді аралайтын болыпты.

Екі айдың ішінде қасқырлар 10 ірі қараны жеп қойған. Алқапта 15 қасқырдан тұратын ұя бар деген ақпарат бар. Олар бөлініп, малға шабуылдайды екен.

Аалиевтің айтуынша, оларда оқ-дәрі де тапшы екен.

turmush.kg
Фото: turmush.kg: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767964-zelide-alyp-kaskyr-atyp-algan-kyrgyz-zigitini-sureti-tarap-ketti-foto.html