Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кіші Ислам Каримов анасы жайлы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ислам Каримовтың Ұлыбританияда тұратын 25 жастағы немересі Ислам Каримов өзінің Instagram-дағы парақшасында анасы Гульнара Каримованың қоғамдық өмірге қайта араласуды ойластарып жүргенін жазған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілетеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кіші Ислам Каримов, фото: BBC Uzbek
Кіші Ислам Каримов, фото: BBC Uzbek: Facebook
"Еліміздің жаңа басшылығының бастамалары бойынша көптеген жаңа жобаларды жүзеге асыру Өзбекстанның болашағы үшін үлкен мүмкіндік сыйлайды. Сондықтан менің анам елімізде орын алып жатқан өзгерістерді каржылық және физикалық тараптан қолдауды шешті", - деді Ислам Каримов.

Кіші Ислам Каримовтың сөзінше, оның анасы Гульнара Каримова болып жатқан өзгерістерге деген "қаржылық және физикалық" көмегін елге келіп беруге уәделесіпті.

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 28 шілдесінде Өзбекстан бас прокуратурасының ресми сайтында "Г.Каримоваға қарсы қылмыстық іс қозғауды" жариялаған болатын.

Аталған сайттағы бас прокуратураның құжатында 2015 жылғы 21 тамыздағы Ташкент облысының соты шешімімен Гульнара Каримова бес жылға бас бостандығынан айырылғанын көрсеткен.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Өзбекстанның Бас прокуратурасы "Гульнара Каримова жазасын" Өзбекстанда өтейтінін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1767966-kisi-islam-karimov-anasy-zajly-mlimdeme-zasady/

pixel