RU

Қырғызстанда күйеу жігітсіз өткен той жұртты таңғалдырды

Қырғызстанда үйлену тойы күйеу жігітсіз өткен. Бұл туралы сол елдің танымал радио және тележүргізушісі Ерік Молдалиев баяндап берген деп хабарлайды Sputnik-Қырғызстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: glavny.tv
Көрнекі фото: glavny.tv: Depositphotos

Бастапқыда той мінсіз өтіп жатқан екен. Алғашқы жарты сағатта күйеу жігіттің қайда кеткенін ешкім түсінбеген. Тек қоңырау шалып, қайда екенін сұрағанда оның полиция департаментінде отырғаны белгілі болған.

"Оқиғаға кімнің қатысы барын білмеймін. Бірақ жігітке біреулер қоңырау шалып, оған сыйлық алып келгендерін айтқан. Жігіт сыйлықты алу үшін сыртқа шыққанында, оны полицейлер алып кеткен", - дейді Ерік Молдалиев.

Жүргізушінің айтуынша, алғашында қалыңдыққа ештеңе айтпаған екен, бірақ мұндай шара кезінде бас кейіпкердің жоқ екенін жасыру мүмкін емес қой.

Қалыңдық күйеу жігіттің аман-есен екенін білгеннен кейін ғана тынышталған екен. Алайда той иесінің болмағаны қонақтардың көңіл-күйіне мүлде әсер етпеген. Олар ойнап-күліп отыра берген.

Күйеу жігіт болса, той аяқталар тұста сағат 23.00-де келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767975-kyrgyzstanda-kjeu-zigitsiz-tken-toj-zrtty-tagaldyrdy.html