RU

Павлодар әкімі құны 50 млн теңге тұратын пәтер үшін сөгіс алды

Павлодар облысының әкімі кеңестердің бірінде құны 50 миллион теңгеге жуық пәтерді сатып алу мәселесін көтерді. Болат Бақауов мұндай сауданың бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: krisha.kz
Фото: krisha.kz: UGC

Әкімнің баспасөз қызметі хабарлағандай Бақауов бұл үшін тіпті, Ануар Күмпекеевке сөгіс жариялаған.

"Аймақ басшысы Павлодар облысына жұмысқа келген мемлекеттік қызметкерлерге үй беру керектігін айтты. Бірақ ол пәтерлердің шаршы метрлері қымбат болмауы қажет деп есептейді.
Сондай-ақ пәтерлер бөлек емес, көппәтерлі тұрғын үй қорында болуы тиіс", - деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Байтенов.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, құны 50 миллион теңгеге жуық пәтерді айырбастау мәселесі қарастырылуда. Алайда қазір шешім қабылданғанымен үйдің неге ауыстырылатыны айтылмады. Ал баспана жетім балаларға берілмек.

Айта кетейік, Павлодар облысында 50 млн теңгеге алынған пәтер туралы бірқатар БАҚ өкілдері жазған еді. Олар билік өкілдерінің 200 шаршы метрлі екіқабатты элиталық үй сатып алғанын айтқан.

Артынша әкімдік сатып алынған пәтер жайлы түсіндіріп, оның аумағы тек 92 шаршы метрді құрайтынын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767982-pavlodar-kimi-kny-50-mln-tege-tratyn-pter-sin-sgis-aldy.html