RU

Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 160 мың теңге болды

Қазақстанда 11 айдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін өскен. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Көрнекі фото: tvrain.ru
Көрнекі фото: tvrain.ru: Facebook

Сүлейменовтің cөзінше, 2018 жылдың басынан бері 468 600 адам жұмысқа орналастырылған.

"Қазан айында жұмыссыздық 4,8%-ке төмендеді. Жалақы мөлшері қарқынды түрде өсіп келеді. Қаңтар-қазан айларында орташа жалақы 159,5 мың теңгеге дейін жетті. Нақты 2,2% өсіп отыр", — деді министр.

Сондай-ақ, министр жалпы ішкі өнімнің үш ай ішінде 4,1% деңгейінде сақталып отырғанын айтты.

Оның сөзінше, экономиканың өсуіне жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, экономиканың базалық салаларындағы өндірістік белсенділік әсер еткен екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1767987-kazakstanda-ortasa-zalaky-mlseri-160-my-tege-boldy.html