Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқасты қоянның қаны, бақаның "желімен" емдейтін қазақ емшісі елді таңырқатты

Опубликовано:

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жұртқа сынықшы ретінде танылған Жолшиев Медетбек Сүлейменұлы деген ақсақал тұрады. Ол ауырған адамды жыланның қанымен, бақаның "желімен" және көлбар жыланның уымен емдейді деп жазады Замана басылымы.

zamana.kz
Фото: zamana.kz: Twitter

Медетбек Сүлейменұлы қоянның қанымен емдеуді Саид Юлдаш Әлидің "Мен емшімін" деген кітабынан оқып, үйреніпті. Қазір емдеуде көп жағдайда сол кітапқа жүгінеді екен.

Емші өз тәжірибесінде болған бір жағдайды айтып берді.

"Бір күні маған ауыр дертке шалдыққан жап-жас жігіт келді. Терісі сүйегіне жабысып, өңі қуарған, көздері нұрсыз еді. Оған емдеу әдістерін айтып, үйлеріне қайтардым. Мен айтқандай жабайы қоянның қанын соңғы тамшысына дейін ішіп, асқабақты да шикідей жей беріпті. Содан ол жазылып кетті", - деді Медетбек Сүлейменұлы.

Негізі қоянның емдік қасиеттері өте көп, оны ата-бабаларымыз ежелден білген. Жабайы қоянның еті, қаны, тіпті құмалағы да пайдалы екен.

Медетбек қарияның айтуынша, құмалақтарды жинап, нан арасына салып, шыжың дертіне салынған балаға берсе, тез жазылады. Ал қоян еті суық тигенде, буындар сырқырағанда өте пайдалы көрінеді.

Шипагер бақаның "желімен" қалқанша ауруын емдеуде де жетістіктерге жетіпті. Осы әдіспен ол келінінің ауруын жазып берген.

"Су бақаларында у болмайды. Бақаны қарнынан ұстап, ақырын ғана басамын. Төменге тартыңқырап басқанда желі өздігінен шығады", - деді Медетбек Сүлейменұлы.

Емші көлбар жыланды ем ретінде пайдалануды да меңгеріпті. Бұл жылан кез келген қатерлі ісікті алғашқы сатысында емдеуде өте шипалы екен.

Бірақ науқас міндетті түрде 12 жыланды тұтынуы абзал. Сол кезде біткен тамырлар ашылып, ағза сауығуға әрекет жасай бастайды.

Медетбек Сүлейменұлына емшілік қасиеті нағашы атасынан дарығанын айтады. Қазір ол қазақы емдеу мен сынықшылықты бірге алып жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1768006-naukasty-koanny-kany-bakany-zelimen-emdejtin-kazak-emsisi-eldi-tayrkatty/

pixel