RU

Алматы облысында нан алу үшін сыртқа шыққан әйел жоғалып кетті

Туыстары екінші апта бойы 72 жастағы Галина Каирбекованы іздестіруде. Ол 26 қараша күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Каирбекова Галина
Каирбекова Галина: UGC

Галина Каирбекова Байтерек ауылының тұрғыны, ол 26 қарашадажоғалып кеткен. Сол күні үстіне қызыл түсті күртке-пальто киген.

Есте сақтау қабілеті нашар Галина өзімен бірге ешқандай құжат алып шықпаған көрінеді.

Ұлы Ринаттың айтуынша, әйел адам осымен тоғызыншы рет жоғалып отыр екен. Оны бұның алдында бірнеше рет ГРЭС ауданынан, соңғы рет Қаскелеңнен тауып алған.

Баласы полицияға жоғалу туралы арыз жазған. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже бермей тұр.

«Полиция қалаға қарай кетуі мүмкін дейді. Бұл мүмкін емес. Ол осымен тоғызыншы рет есін жоғалтып отыр. Менің ойымша анам есін жоғалтып үйге қайтатын жолды білмей жүр.
Жоғалған жағдайда полиция қызметкерлерінен жеке куәлігін көрсетіп, көмек сұрау үшін, ол үнемі үйден құжаттармен шығатын.
Бұл жолы құжаттары үйде қалып қойған», - дейді Ринат Каирбеков.

Галина Каирбекова - Еңбекшіқазақ ауданы Байтерек ауылының тұрғыны. Ол сол ауылдағы туыстарының жағдайын сұрау үшін жиі шығып тұратын.

Туыстары Галинаны көрген-білгендер болса төмендегі нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 8 707 740 1579, 8 747 122 3738, 8 701 732 0536 немесе 102.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768013-almaty-oblysynda-nan-alu-sin-syrtka-sykkan-jel-zogalyp-ketti.html