Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Супер ата": Турникте шыр айналған 60 жастағы қария жастарды жолда қалдырды

Опубликовано:

Турникте жас жігіттерден бекер айналып, жаттығу жасаған 60 жастағы қария желінің жұлдызына айналды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Kazakh_video парақшасында жариялаған видеода қарияның 60 жаста екені айтылған.

"Мына кісі 60 жаста. Ал сендерге керек болса. Осы жасқа келіп, осылай жаттығу жасай алатындарың бар ма? Менің бұлай істей алмайтыным анық. Алпыс жастағы маған бұлай істеу қайдан", - деп күлді видеоға түсіріп тұрған ер адам.

Айта кетейік, қария үйдің ауласында тұрған турникке көтеріліп, аяқтарын серпи айналған.

Мұны көрген желі қолданушылары атайдың бұл ісіне таңғалғандарын жасырмады.

"Керемет", "Мына жаттығуды 20 жастағы жігітте те жасай алмайды ғой", "Алла қуат берсін", "Атамыз мықты екен", "Супер аташка";

"Әлі күнге мынадай жаттығу жасаса, тың кісі болып тұр ғой", "Ата жүз жасаңыз", "Қазіргі жастар тек телефонды айналдыра алады ғой"Ғ

"Алла күш-қуаттан айырмасын", "Қандай мықты кісі", - деп таңдана пікір жазған көпшілік.

Айта кетейік, видео еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768026-super-ata-turnikte-syr-ajnalgan-60-zastagy-karia-zastardy-zolda-kaldyrdy/

pixel