RU

Оқушысының шашын қиып тастаған мұғалім қамауға алынды

52 жастағы калифорниялық Маргарет Гизингер АҚШ әнұранын айтып отырып, оқушының шашын алып тастады. Мұғалімнің ерсі әрекетін оқушының достары видеоға түсіріп алған деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: youtube.com
фото: youtube.com: Facebook

Видеода Маргареттің күштеп тұрып оқушының шашын қиған сәтте ұлттық әнұранды шырқағаны көрініс тапқан.

Оқушылар журналистерге ұстаздарының мұндай әрекетін бұрын көрмегенін айтады.

«Ол жүрегі кең, ақкөңіл азаматша. Бұрын үнемі көңілді жүретін. Шаш алған адам күнделікті бізге сабақ беретін, ерекше жақсы көретін ханымның ісі емес», - деді бір шәкірті.

Қазіргі уақытта мұғалім кәмелет жасына толмағандарға қиянат жасады деген күдікпен қамауда отыр.

Әйелдің мұндай сорақы әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз.

Егер Маргареттің қылмысы дәлелденсе оны үш жарым жылға соттайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768033-okusysyny-sasyn-kiyp-tastagan-mgalim-kamauga-alyndy.html