RU

Екінші рет тұрмыс құрған Меган Марклдың алғашқы тойында анаша таратылған

Қазір британиялық Гарри ханзадаға тұрмысқа шыққан Меган Марклдың бірінші тойында қонақтарға марихуана таратылған. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Splash News / Alamy / Diomedia
Фото: Splash News / Alamy / Diomedia: Instagram

2011 жылы Маркл кинопродюсер Тревор Энгельсонға тұрмысқа шыққан. Олардың тойы Мерилин Монро бал айын өткізген Ямайка аралында болған еді.

Салтанатты шараға Меган түскен "Форс-мажор" сериалының басты рөлін сомдаған актерлер мен актрисалар, жалпы алғанда 100 адам барған.

Жас жанұя қонақтарға арнап 55 нөмір жалдапты. Ал олардың ішіндегі ең қымбаты тәулігіне 1,2 мың долларды құраған екен.

Марклдың әкесі тойға келген меймандарға қалыңдық пен күйеу жігіттің хатынан бөлек марихуана салынған пластика қорапшалар берілгенін де айтты. 74 жастағы Томас Маркл онда бұл әрекет дәстүрге айналғанын да жеткізді.

"Мен өзім қолданбаймын. Менің білуімше, Меган да қолданбайды. Өз түйіншегімді не істегенімді білмеймін. Сыйлап жіберген шығармын",- деді Меганның әкесі.

Айта кетейік, Меган Маркл Тревор Энгельсонмен 2013 жылы ажырасып кеткен.

2018 жылдың 19 мамырында актриса Гарри ханзадаға тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768035-ekinsi-ret-trmys-krgan-megan-markldy-algasky-tojynda-anasa-taratylgan.html