RU

"Ешкімге бермеймін": Қуандық Рахым 1,5 млн теңге тұратын костюмімен мақтанды

Отандық әнші Қуандық Рахым продюсерінің өзіне 1,5 млн теңгеге костюм алып бергенін айтып мақтанды деп жазады "Алматы" арнасындағы "Әңгіме болсын" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші сахнаға алғаш рет шыққанда продюсері дайын костюм алып берген. Алайда Қуандық Рахым оның бағасын білмегенін айтты.

"Сахнаға ең бірінші алған костюмім - 1,5 млн теңге тұрады. Ол кезде 50 мың теңгенің костюмін алуға шамам жоқ еді. Продюсерім алып берген. Бағасын естігенде өзім де талып қала жаздадым. Продюсерім оның жүз есе, мың есе ақталатынын түсінген шығар", - деген әнші ол костюмді ешкімге бермейтінін де мәлім етті.

"Ол костюмді сұрап жүрген бауырларым бар. Бірақ ол киім өзіме ыстық болғандықтан, ешкімге бермеймін. Көп костюмдерім қолды болып, жоғалды. Сондықтан мұны сақтап жүрмін.Анамның гардеробында тұр", - деді Қуандық Рахым.

Сондай-ақ, әнші өзінің киімге қатысты құпиясын да айтып қойды.

"Менің бір жаман қасиетім, күнде киім ауыстырып жүре алмаймын. Бір киім кисем, соның тізесі шыққанша киіп жүре беремін.
Менде жалтырап көрініп жүргісі келетін қасиет жоқ. Осындай концерттерде тігіп бергенін киемін", - дейді Қуандық.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Рахымның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768055-eskimge-bermejmin-kuandyk-rahym-15-mln-tege-tratyn-kostumimen-maktandy.html