RU

Елбасы түйе сүті өнімдерін шығаратын алғашқы зауытты іске қосты

Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустриаландыру күніне орай онлайн режимде бірқатар нысандарды іске қосты. Олардың қатарында Түркістан облысында ашылған «Golden Camel Group LTD» зауыты да бар деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Назарбаев түйе сүті өнімдерін шығаратын алғашқы зауытты іске қосты
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: NUR.KZ: Facebook

Айта кетерлігі, аталмыш зауыт еліміздегі түйе және жылқы сүтін өңдейтін кәсіпорын болмақ.

"Құрметті Елбасы! Біздің кәсіпорын түйе және жылқы сүтін шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады. Өнімнің 90пайыздан астамы экспортталады деп жоспарланып отыр. Осы бастама арқылы Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы түйе санын арттыру көзделіп отыр.
Бұл жоба Қытай мен Қазақстан арасын одан ары жақындата түспек. Осы уақыт аралығында бізге және инвесторларға көрсеткен қолдауыңызға алғыс білдіреміз. Өнімді экспорттауға рұқсат етіңіз", -деді зауыт басшысы Янг Джи.

Президент өз кезегінде, ұжымға сәттілік тілеп, экспорттың ел экономикасында қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

"Қазір экспортқа шығару мүмкіндіктері көп. Бірі Қытай елі болса, енді бірі Парсы шығанағы арқылы экспортқа шығу", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768058-elbasy-tje-sti-nimderin-sygaratyn-algasky-zauytty-iske-kosty.html