RU

Қызылордада «Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Қызылорда қаласында еліміздің жастарына арналған ең үздік жобалардың бірі - «Zhas Projekt» жобасы аясында «Аурухана клоунадасы» кіші жобасы сәтті жүзеге асырыла бастады.

Қызылордада «аурухана клоунада Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Жобаның мақсаты - қысқа және ұзақ мерзімді ем алушы балаларға арт-терапия, ойын терапиясы арқылы өмірге құлшынысын ояту, диагноздық ауруларын жеңуге жәрдем жасау, аурухана атмосферасына үйрету, көңілдерін аулап бос уақыттарын тиімді өткізу.

Қызылордада «аурухана клоунада Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Биылғы жылдың тамыз айынан бастау алған жоба, бүгінгі күнге дейін облыстық балалар ауруханасы базасындағы әр түрлі диагноздағы балаларға және тұрақты «Пульманология» бөлімшесінің балаларына да қызмет көрсетуде.

Жоба авторларының айтуынша әрбір қызметті ұсыну кезінде балалардың шынайы күлкісі мен олардың бір сәт болсын өздерін ауруханада жүргендерін ұмытып, ерекше құлшыныстарын көру үлкен қуаныш сезімін тудырады.

Қызылордада «аурухана клоунада Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Қазіргі таңда, жоба аясында Қызылорда қаласында орналасқан оқу орындарының педогогика мамандықтарының студенттері, шығармашыл және белсенді жастар жұмыс жасап келеді.

Әлемдік тәжірибеде бұл жоба осыдан 30 жыл бұрын қолданыла бастаған. Көрші Ресей елінде бұл жоба «Больничная клоунада» атауымен 10 жыл бұрын басталған екен.

Қызылордада «аурухана клоунада Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Ал, біздің елімізде бұл жоба алғашқылардың бірі болып Қызылорда қаласында жүзеге асырыла бастады.

Бұл Қызылордалық белсенді жастардың қоғамдастықтың игілігі үшін пайдалы қызмет дағдыларын дамыту, қоғамға қажетті әлеуметтік маңызы бар жобаларды арттыру жолындағы ұтымды бастамаларының бірі деуге болады.

Қызылордада «аурухана клоунада Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асырыла бастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768063-kyzylordada-auruhana-klounadasy-zobasy-zzege-asyryla-bastady.html