RU

Алматыда ер адам 17-ші қабаттан секіріп кетпек болды (видео)

Алматыда ер адам 17 қабаттан секірмек болған. Белгісіз азаматтың видеосы dorogi_almaty_official парақшасында жарияланды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Желіге таралған видеоның Тастақ шағын ауданындағы "Алтын бұлақ" тұрғын үй кешенінде түсірілгені айтылуда.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады.

Қазіргі уақытта "Өз-өзін өлтіруге итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Істің мән-жайы сотқа дейінгі тергеу амалдарында анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768074-almatyda-er-adam-17-si-kabattan-sekirip-ketpek-boldy-video.html