RU

Мемлекет басшысы Президент әкімшілігінде тағайындаулар жүргізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент әкімшілігінде жаңа тағайындаулар жүргізді. Ержан Бабақұмаров пен Мақсат Мұқанов жаңа қызметке ие болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ааааа
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото/архив: Ақорда: Twitter

Тағайындаулар туралы жаңа құжаттар сейсенбі күні кешкі уақытта президенттің ресми сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды", - делінген хабаралмада.

Айта кетерлігі, Талдау және болжамдау орталығы Елбасы жарлығы бойынша бүгін құрылған.

Сонымен бірге, Мақсат Мұхановтың қандай қызметке тағайындалғаны туралы да хабарланды.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Мақсат Нұрдәулетұлы Мұханов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды", - деп жазылған құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768086-memleket-bassysy-prezident-kimsiliginde-tagajyndaular-zrgizdi.html