RU

Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай бүгін Баутино портында әскери кемелерге әскери-теңіз туы тапсырылып «Иса» және «Досан» аты берілді.

Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді

Кеме басшылығына әскери-теңіз туын облыс әкімі Ералы Тоғжанов және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Д.Ділманов тапсырып, сәттілік тіледі.

Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді

Әскери кемеге 1870 жылы Иса Тіленбаев пен Досан Тәжиев бастаған намысты батырлар орыс отаршылдарына қарсы көтерілген Маңғыстаулық екі батырдың атттары берілді. Әскери кеме Орал қаласындағы «Зенит» зауытта құрастырылған.

Аталған шекаралық кемелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен континенттік шелфінің мемлекеттік аумақтық суларын қорғауға, аумақтық сулардан тыс террористік көріністер болдырмау және мұнай-газ объектілерін қорғау міндеттерін шешу; заңсыз балық аулауды тоқтату үшін патрульдеу және 8 экипажды тасымалдауда арналған кеме.

Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді
Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді: UGC

Кеменің іске қосылуы – бұл осы саладағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

«Шекара қызметінің құрылымдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету де жылдан-жылға оң шешімін табуда. Бұл ретте Елбасының тапсырмасымен мемлекет бюджетінен ҰҚК Шекара қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жылма-жыл қомақты қаржы бөлініп келеді.

Соның айғағы бүгін пайдалануға берілгелі отырған «Иса» және «Досан» шекаралық кемелер және пайдалануға берілген заманауи үлгідегі салынған теңіз айлағы.

Бұл айлақ шекарашылардың алдында тұрған проблемаларды шешуде үлкен маңызға ие болады. Осының бәрі Сіздердің Отанымызды қорғаудағы қызметіңізге ерекше серпін беретініне сенімдімін», - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.
Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді

Теңіз айлағының құрылысы өткен жылдың соңында басталған болатын. Айлақтың ұзындығы 150 метрді құрайды және бір мезгілде 10 әскери кеме тоқтай алады.

Жаңа теңіз айлығының басты ерекшелігі заманауи үлгіде салынған құралдары бар, өрт сөндіру бекеті, электр қуат алу нүктесі. Баутино порты шекара күзеті кемелерінің Каспийдің оңтүстік және солтүстік бөлігіне жылдам шығуға мүмкіндік береді.

Маңғыстауда «Иса» және «Досан» шекаралық катерлері пайдалануға берілді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768092-magystauda-isa-zne-dosan-sekaralyk-katerleri-pajdalanuga-berildi.html