RU

Ғабидолла Әбдірахымов жастарға: Instagram-да отырғанша жұмыс істеңдер

Бүгін Шымкентте белсенді жастар форумы өтті. Форум аясында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жастарға өз ақылын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі: Depositphotos

Үшінші мегаполис атанған шаһар басшысының сөзінше, қазіргі заманда бұрынғымен салыстырғанда мүмкіншіліктер өте көп. Сәйкесінше, еңбектенем деген адамға жұмыста баршылық.

"Сондықтан да жастарға айтқым келетіні, Instagram-да "комментарий" жазудың орнына барып жұмыс істеңдер. Базарға барып жүк тасыңдар немесе сауда нүктесін жалдап, көтерме саудагерлерден көкөніс алып сатыңдар. Тігін шеберханасын, шаштараз ашыңдар. Істеймін дегенге жұмыс көп", - дейді Ғабидолла Әбдірахымов.

Шенеунік "Болашақ" бағдарламасымен Германияда оқыған кездерін еске түсірді. Оның айтуынша, қалталы отбасыдан шыққандар "баймын" деп асып-тасымай керісінше, дәмханаларда даяшы болып нәпақа тауып, жатақханада тұрған екен.

Шетелдік жастардың түсінігі бойынша әкенің байлығы балаға мал болмайды.

Сондықтан Әбдірахымов қазақстандық жастарды да ешбір жұмыстан қысылмай, керісінше ата-анасына көмектесуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768112-gabidolla-bdirahymov-zastarga-instagram-da-otyrgansa-zmys-isteder.html