RU
Полицияның көзінше қалыңдығын өлтірген азамат 20 жылға сотталды
Жаңалықтар Әлемде

Полицияның көзінше қалыңдығын өлтірген азамат 20 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Бішкек соты 20 жастағы қызды ұрлап кетіп, өлтіргені үшін айыпталған Марс Бодошевтің кінәсі толығымен дәлелденгенін растады. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, оның бар мүлкі тәркіленетін болады деп жазады "Центральная Азияға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaktus.media, azattyk.org. Коллаж NUR.KZ

Фото: kaktus.media, azattyk.org. Коллаж NUR.KZ

Айыпталушы азамат Бурулай Турдаалықызын алып қашып, артынша өлтіргені үшін айыпталған болатын.

Прокурор Марс Бодошевті әйел адамды некеге мәжбүрлеу, некеге отыру үшін еркінен тыс алып қашу және адам өлімі баптары бойынша кінәлі деп табуды сұраған.

Сот отырысында айыпталуышлар қатарында Марспен бірге оның сыныптасы да болды. Ол 20 жастағы бойжеткенді алып қашуға көмектескен. Сот оны да кінәлі деп тауып, жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Қырғызстан астанасында қанды оқиға орын алды. Марс Бодошев 20 жастағы қызды алып қашып, оны өзінің жары етпек болған.

Алайда ер адамның бұл әрекетіне тәртіп сақшылары кедергі болыпты. Бірақ, полиция бөлімшесінде қылмыскер бойжеткенге пышақ сұғып үлгерген.

Нәтижесінде, жас қыз ауыр жарақат салдарынан қаза тапты.

Бұл оқиғаға Біріккен Ұлттар Ұйымы да назар аударды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
8
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel