RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі

Сәрсенбі, 12 желтоқсан күні еліміздің бірқатар аймағында жел тұрып, тұман түседі деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде
Көрнекі фото: www.egemen.kz: Twitter

Синоптиктердің болжамынша, Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 28 м/с жетеді.  

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман және көктайғақ күтіледі.  Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768127-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-zel-tryp-tman-tsedi.html