RU
Мінсіз мүсінді бойжеткен ерлер қауымын естен тандыруда
Жаңалықтар Калейдоскоп

Мінсіз мүсінді бойжеткен ерлер қауымын естен тандыруда

Рассказать Вконтакте

Оливия Пирсон - сұлулығының арқасында желіде асқан танымалдылыққа ие болған ару. Бойжеткен өзінің суреттерін Instagram-ға жүкеп, аз ғана уақыт ішінде қымбат модельдер қатарына енді деп жазады NUR.KZ.

Алайда бұл жетістік Оливияға оңайшылықпен келмеген. Кіші кезінен толықтау болған ару өзінің дене сымбатын жақсарту үшін көптеген тәуекелге барды.

Дұрыс тамақтану мен спорттың арқасында ол қалаған мүсініне ие болып шыққан.

Оливия Пирсон тым арық болуды ешқашан мақсат етпеген. Сол себепті бойжеткен 90-60-90 стандартына сай емес модель. Бүгінгі күні мұндай сәнбикелерді "Plus size" деп атайды.

Талдырмаш мүсінді ару модельдікті таңдағанына еш өкінбейді. Оның айтуынша, ол кәсібімен қоса саяхаттауды да қатар алып жүру мүмкіндігіне ие болды.

"Түсірілімдер әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатады. Сол себепті көптеген елдерді көре аласың. Жұмысымның ең жақсы жері осы. Оған қоса, үнемі өз күтіміме қарап жүруге міндеттімін деп есептеймін. Өйткені оқырмандарымның алдында үлкен жауапкершілікті сезінемін" , - деді Оливия.

"Қазір арық қыздардың заманы емес. Бүгінгі күнгі стандарттар басқа. Кез келген қыз өз дене бітімін сүйе білу керек. Подиумдағы модельдерге еліктеудің еш қажеті жоқ" , - дейді ару.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
1
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel