RU

Тойда анасының аяғын сүйген қазақ жігіті елдің жүрегін елжіретті

Әлеуметтік желіде үйлену той үстінде анасының аяғынан сүйген азаматтың видеосы тарап кетті. Жігіттің бұл әрекеті жұрттың көңілінен шығып, жүректерді елжіреткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр / toiduman_kz
Фото: Видеодан кадр / toiduman_kz: Facebook

Бейнежазба @toiduman_kz парақшасында жарияланды.

Видеоны көрген желі қолданушылары жас жігіттің бұл ісіне риза болып, ұзақ ғұмыр тіледі.

"Алла разы болсын. Анаңның аяғынан сүйсең, Алла сені сүйеді", "Ең үлкен бақыт қой бұл", "Аналар аман болсын", "Аналар қандай құрметке болса да лайықты", -деп жазған олар.

Айта кетерлігі, тойдың қай өңірде өткені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768152-tojda-anasyny-aagyn-sjgen-kazak-zigiti-eldi-zregin-elziretti.html