RU

Көзі ерекше көк түсті балақай желі қолданушыларын таңырқатты

Тайландтық Внаида Пилачай әлеуметтік желідегі парақшасына азиялық баланың фотосын жүктеп, мыңдаған адамның назарын аудартты. Көпшілік бүлдіршіннің көк түсті көзіне таңырқай қараған деп хабарлайды Coconuts Bangkok сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Facebook/Wanida Pilachai
Фото: Facebook/Wanida Pilachai: Depositphotos

Азиялық тұрғындар үшін көк түсті көздер сирек кездесетін құбылыс. Сол себепті баланың көзі айрықша көрініп, өзгелерден ерекшеленіп тұрады.

Бірнеше күнде аталған суретке әлеуметтік желіде 10 мыңға жуық қолданушы «лүпіл» басып, өз парақшаларында бөліскен.

Фото авторы балаға мұндай көз атасынан берілген дейді. Кейбір жандар "көзінің түсі дәл осындай болуы мүмкін емес, линза тағып алған" деп сенбейді екен.
Фото: Facebook/Wanida Pilachai
Фото: Facebook/Wanida Pilachai: UGC

Желі қолданушылары көзінің түсі ерекше баланы фотоға түсіріп, жұртқа таныстырған бойжеткенге алғыс айтуда.

Аталған суретке қатысты жергілікті университеттің ұстазы, биолог және генетик маман Джессада Дендуангборипантта өз пікірін білдірген.

Маманның айтуынша, азиялықтардың мұндай көк көзді атануы ОСА2 генінің мутацияға түсуінен болады, бұл тұқым қуалайды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768153-kzi-erekse-kk-tsti-balakaj-zeli-koldanusylaryn-tayrkatty.html