RU

Франциядағы атыста төрт адам көз жұмып, 10 адам жараланды

11 желтоқсан күні Францияның Страсбург қаласындағы рождестволық жәрмеңке маңында атыс орын алып, төрт адам көз жұмды. Қанды оқиғаның видеосын қала тұрғындары әлеуметтік желіде жариялаған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES: Twitter

Қазіргі уақытта қаланың бір бөлігі толығымен қоршауға алынып, қоғамдық көліктер тоқтатылған. Билік өкілдері қала тұрғындарына үйден шықпауға кеңес беріп отыр.

Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES: Twitter

Атыс нәтижесінде төрт адам қайтыс болып, 10 адам жарақаттанған.Бұл туралы қала мэрі Ролан Рис мәлімдеген.

Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES: Twitter

Қаланың тарихи орталығы Бройльде өткізілген аранайы операцияға қарамастан күдікті әлі ұсталмаған. БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жеті жыл бұрын күдікті деп танылған азамат қарулы шабуылы үшін екі жылға түрмеге қамалған екен.

Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES: Getty Images

Сондай-ақ, ол терроршы болуы мүмкін азаматтардың қатарына ілініпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768161-franciadagy-atysta-trt-adam-kz-zmyp-10-adam-zaralandy.html