RU

Данияр Ақышев теңгенің құлдырауына не себеп болғанын айтты

Мұнай мен доллар бағасының әсері 2018 жылы теңгенің әлемдік нарықта құлдырауына себеп болды деп хабарлайды КТК

Данияр Ақышев
Данияр Ақышев: Twitter

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің құлдырау себептерін айтып берді.

Оның айтуынша, теңгенің әлсіреуі бірнеше факторларға байланысты.

Соның ішінде, мұнай бағасының көтерілуі мен америкалық доллардың нығаюуы, рубль бағасының төмендеуі әсер еткен.

Доллар бағасының ең арзан кезі ағымдағы жылдың наурыз айында тіркелген.

Ол уақытта 1 доллар 318 теңгені құрады. Содан бері америкалық валюта 53 теңгеге қымбаттапты.

2018 жыл бойынша аталған шетел валютасының ең қымбат шағы қыркүйек айына тұспа-тұс келген. Күздің алғашқы айында 1 америкалық доллар 383 теңгеге сатылған.

Қазіргі уақытта доллар бағасы 371 теңгеге сәйкес келеді.

Ұлттық банктің басшысы 2018 жылдың соңына дейін инфляция деңгейі өзгеріссіз 5,7% боп қалатынын айтты. Сондай-ақ, теңгенің базалық мөлшерлемесі 9,25% тепе-тең сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768167-daniar-akysev-tegeni-kldyrauyna-ne-sebep-bolganyn-ajtty.html