Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл шектен шығу": Жұлдыздар оқушыларға мүшеқап сатуға қарсы шықты

Опубликовано:

Жақында үкіметте контрацептивті заттарды мектепке тарату және 16 жастан бастап ата-ананың рұқсатынсыз түсік жасатуға рұқсат беру туралы мәселе талқыланған болатын. Бұл мәселе шоу-бизнес өкілдерін де бейжай қалдырмаған. Анық – қанығын NUR.KZ тілшісі жұлдыздардан сұрап білді.

Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram, Коллаж: NUR.KZ: Twitter
"Үйдегі тәрбиенің төмендігінен деп білемін. Еуропаға еліктеп, ата-аналар балаларына шектен тыс еркіндік береді. Телефон мен ғаламтордан көз алмайтын бала әсте қателікке бой алдырары анық. Соңғы кездері елді шулатып жүрген "мектеп оқушыларына мүшеқап сату, абортқа рұқсат ету" деген мәселе де дұрыс емес. Бұл шектен шығу.
Сол сөзді айтқан адамдар өздерінің қыздарына, қарындастарына осындай арсыздықты, зияндылықты қалар ма екен?! Одан да мектепке орамалын тағып, етек-жеңін жауып барғаны жақсы емес пе? Орамал таққандармен емес, осындай арсыздыққа жол бермеумен күресу керек. Мектепке имандылық сабағын алып келу керек. Олар дінді, діндегі тазалықты білу керек. Біздер осыны бүгіннен үйретпесек, болашағымыз бұлыңғыр" , - деді Айдар Байжанов.

Досының пікірін Бағлан Әбдірайымов толықтай қолдайтынын жеткізді. Әнші жасанды түсік жасатуға түбегейлі қарсы екенін айтты.

"Бұл өте жиіркенішті нәрсе. Мектеп оқушыларына жасанды түсік жасатуға рұқсат ету, жарнамадан беріп жүрген дүниелерді сатуға жол беру ақымақтық. Осындай идеяны айтқан адамды Алла кешірсін. Ғидаят берсін. Мен өзім оған қарсымын. Жалпы қоғамдағы мектеп оқушыларының жүкті болып қалуы немесе аборт жасатуы тәрбиенің әлсіздігі деп білемін.

Оған бәрінің әсері бар сияқты. Қоғамның да, ата-ананың да, ғаламтордың да кесірі әрі жауапсыздығы деп ойлаймын. Дәл қазір қиын. Мен осы Алматыда жүріп өзімнің лас жерде жүргенімді сеземін. Жиі тыныштықты, тазалықты, ауылдың иісін, ауылдық тұрмыс-тіршілікті аңсап кетемін. Біздің қоғамда бала-шағаға көп көңіл бөлу керек: кіммен араласып жатыр, кіммен дос болып жүр, кіммен қалай сөйлеседі, қайда барады, бәріне мән беру керек деп ойлаймын" , - деді әнші.

"Жүрегіміз ауырады. Тіпті, күлерімді не жыларымды білмедім естіген кезде. Сіз сұрап отырған қарсылық танытуға қарсы әрекеттер жұлдыздардың арасында бар ма, жоқ па білмеймін. Бірақ, біздің қолымыздан ештеңе келмейді. Бір жылдары Күй атасы Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп елді шулатқан кезде бір топ өнердегі аға-әпке, әріптестеріміз жиналып, қарсылық танытқан еді. Нәтижесінде тек сол сурет алынып тасталды, бірақ сол азғындалғандардың клубы әлі жұмыс істеп тұр. Ешкім оны жаппады, жаза қолданбады.
Бұл да сондай жағдай ғой. Қанша шырылдасақ та, өздерінің білгендерін жасайтыны анық. Мүмкін, жоғарыдағы билік өкілдерінің елдің есінде қалу үшін жасап жүрген хайптары шығар. Меніңше, үйден тәрбие болу керек. Әр ата-ана балаға көп көңіл бөліп, сөйлесіп, дос болып, сырласа білу керек. Қазір әкесі залда, анасы ас үйде, баласы өз бөлмесінде телефонға үңілген заман болды ғой. Телефонға емес, бір-біріміздің ішкі ойымызға үңіліп, көңіл бөліну керек" , - деді Жігер Ауыпбаев.

Серік Ибрагимов те аталмыш заңға қатысты наразылығын ашық түрде жеткізді.

"Өте қате нәрсе ғой. Сондай заңды, ойларды кімдер ойлап табатынын білмеймін. Түсінбеймін. Құдайдан қорықпайтын адам аузым бар деп айтып-жазып жүрген шығар. Ата-бабамызда ешқашан мұндай дүние болған емес. Қалай мектеп оқушыларына жыныстық қарым-қатынасқа рұқсат етуге болады. Оқулықтардағы материалдар анау - елдің миына кіріп-шықпайтын, баланың қабылдауына ауыр дүниелерге толы.
Менің кішкентайым бар. Ол мектепке барғанда мен жынданып кететін шығармын. Себебі, білім туралы заңдар жыл емес, ай сайын өзгеріп, күрделеніп жатыр. Мектептегі оқушылар жыныстық қатынас туралы емес, сабақ оқу, оқулықтарды меңгеру туралы ойлану керек. Аборт пен мүшеқап туралы талқылағанша, мектепке дұрыс оқымайтындарға жаза қолдану туралы заңдар шығарған жөн шығар", - деді әнші.

"Масқара дүние ғой. Мен оны естіген кезде құлағыма сенгім келмеді. Менің мектепте оқитын ұлым, былтыр мектеп бітірген егіздерім, енді мектепке баратын кішкентай қызым бар. Сонда олар жүктілікті үйреншікті әдет, ал пәктікті маңызсыз дүние көруі керек пе?! Ойлаудың өзі жиіркенішті.
Жасанды түсініктің әйел баласының ағзасына қандай үлкен қауіпті екенін осы мәселені тілге тиек еткен адам білмейді-ау деймін. Бір рет жасанды түсік жасатқан қыздың жүктілік деңгейі 85 пайыз төмендейді. Яғни, еліктеушіліктің зардабын қыз балалар өмір бойы тартуы мүмкін. Өз басым үзілді-кесілді қарсымын" , - деді Индира Расылхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1768174-bl-sekten-sygu-zldyzdar-okusylarga-msekap-satuga-karsy-sykty/

pixel