RU

Елімізде қартайғанда ажырасып кететін қарт ерлі-зайыптылар көбейді

Қазақстан ажырасу көрсеткіші жағынан әлем бойынша алғашқы ондыққа ілініп отыр. Соның ішінде қарттардың ажырасу фактілері жиілеген дейді мамандар. Өткен жылы 2651 қарияның шаңырағы шайқалған деп хабарлайды КТК арнасының "Аптап" бағдарламасы.

mirnov.ru
Көрнекі фото:mirnov.ru: Facebook

81 жастағы Владимир есімді қарияны жұбайы қартайған шағында үйден қуып жіберген екен. Қазір ол қала шетіндегі саяжайда тұруға мәжбүр.

"Итті қуғандай үйден қуып жіберді. Иттің өзін далаға қууға аяйсың",- дейді Владимир.

Ер адамның Алматыда екі бөлмелі пәтері болған. Жұбайымен ажырасқан кезде сот бір бөлмесін зейнеткерге берген, алайда бұрынғы әйелі оны қуып шыққан.

Бұлай істеуіне күйеуінің ащы суға құмарлығы себеп болған.

"Көзіме көрінбей құры" деп арқамнан таяғымен ұрып, үйден қуып жіберді. Әйелімді мүлде танымай қалдым", - деді қария.

Өмірдің ыстық-суығын бірге көріп, қайтайған шағында қарияларды мұндай қадамға не итермелейтінін мамандар түсіндіруге тырысты. Алматы қаласының АХАТ бөлімінің мәліметінше, биыл 200-ден астам қарттың шаңырағы шайқалған.

"Көбінесе ажырасуға опасыздық, әлеуметтік жағдай немесе зиянды әдеттерге әуестік себеп болады. Сондай-ақ қарттардың ажырасуына негізгі себеп балалардың жан-жаққа кетіп, екі ерлі-зайыптының ортақ қызығушылығы болмауы, мінездерінің үйлеспеушілігі ", - дейді Медеу ауданы АХАТ бөлімінің басшысы Венера Ғалиева.

Бала-шағасы ер жетіп, үйден бөлек кеткенде қарттардың бірге өмір сүрудің мәні жоғалады екен. Себебі бұрын олар балаларымен алданса, енді ортақ қызығушылықтардың жоқ екенін анықталады.

Психология тілінде мұндай жағдай "Бос ұяның дағдарысы" деп аталады екен.

Ажырасудың тағы бір себебі, жұбайларының масыл болуы екен.

Қартайған шағында көңіл жарастыратын адамын кездестіріп, ажырасып жататын қариялар да жоқ емес.

Алматыдағы қарттар үйіне қол ұстасып келген егде жастағы жұптың біреу өзге адаммен көңіл қосып, ажырасып кеткен екен.

60 жыл бойы отасқан қарт жұп замандастарының мұндай қылықтарын ақылға қонымсыз деп санайды.

"Үлкендердікі тіпті дұрыс емес. Бойында имандылық болуы керек және Алладан жақсылық тілеу керек. Ең бастысы отбасында дұрыс тәрбие алған адам ешқашан мұндай қылыққа бармайды", - деді Майра әжей.

Алайда статистика 2013-ші жылдан бері қарттардың ажырасу фактілерінің көбейіп жатқанын көрсетеді. Жастарға өнеге болатын ата-әжейлеріміз ажырасқандардың санын көбейтіп жатыр.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768191-elimizde-kartajganda-azyrasyp-ketetin-kart-erli-zajyptylar-kbejdi.html