RU

Роза Рымбаева: Тәлім-тәрбиесі, мәдениеті ұнамайтын әртістер бар (видео)

"Ойбай Life" бағдарламасына қонаққа келген Роза Рымбаева фонограммамен ән айтатын әріптестерін және отандық әншілердің әрекетін сынға алды. Халық әртісі Димаш Құдайберген жайлы ойын да жасырмай айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева. Фото:sxodim.com
Роза Рымбаева. Фото:sxodim.com: Instagram
"Мені қойшы, Бибігүл апамыздың өзін балағаттады ғой. Бұл ғасырда қазақ халқы фонограммадан құтыла алмайды.

Оның арасында "зың-зыңы" бар, "чип-чипі" бар. Тәлім-тәрбиесі, мәдениеті ұнамайтын әртістер бар.

"Біз осындай дастарханда отырмыз" дегенде ұрысып тастағаным бар", - деді Роза Рымбаева.

Халық әртісінің эксклюзивті сұхбатының толық нұсқасын "Ойбай Life" бағдарламасынан көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768194-roza-rymbaeva-tlim-trbiesi-mdenieti-namajtyn-rtister-bar-video.html