RU

Қостанайлық жігіт балалы келіншекті қыс ортасында далаға қуып жіберді

Қостанай облысына қарасты Лисаковск қаласының полиция бөлімшесіне баласы бар әйел жүгініп, шарасыздықтан көмек сұраған. Астаналық келіншектің бұл өңірге қоныс аударуына желіде танысқан жігіт себепкер болыпты. Алайда үйіне қонаққа шақырған азамат әйелді қыс ортасында баласымен қоса далаға қуып шыққан деп жазады kstnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz: Instagram

Лисаковск тұрғынына сеніп қалған келіншек баласымен бірге өзі үшін мүлде бөтен қалаға келіп, басы бәлеге қалды.

Ғаламтор арқылы танысқан ер адам жас ананы тек аз уақытқа қабылдап, артынан қақаған аязда далаға қуып шыққан.

Қиын жағдайға қалған әйелге қаланың тәртіп сақшылары мен аурухана дәрігерлері көмекке келіпті.
Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz: Instagram

Айта кетейік, 29 қараша күні Лисаковск полиция бөлімшесі мен қалалық аурухана арасында серіктестік жөнінде меморандум қабылданған болатын. Соның негізінде Астана тұрғыны баласымен бірге аурухананың бір палатасына орналастырылды.

Полицейлер мен дәрігерлер жас анаға психологиялық және құқықтық көмек беріп, оның елордаға қайтуына жәрдемдескен.

Келіншек пен баласы толықтай медициналық тексерістен өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768217-kostanajlyk-zigit-balaly-kelinsekti-kys-ortasynda-dalaga-kuyp-ziberdi.html