Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыру керектігін ескертті

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ескірген жеке куәліктерді ауыстыру керектігін ескертті деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: arnapress.kz
Көрнекі фото: arnapress.kz: Depositphotos

Қазақстанда азаматтардың жеке басын куәландыратын (электронды ақпарат енгізілген чип) биотметрлік деректері бар құжаттар 2009 жылдан бері беріліп жатыр.

Халықаралық стандарттарға сәйкес олардың мерзімі он жылға жарайды, яғни келесі жылы уақыты бітеді.

Осыған байланысты, ІІМ азаматарға ескі үлгідегі жеке куәліктерін ауыстыру керегін есіне салады.

Құжаттарды еліміздегі кез келген ХҚО-нан рәсімдеуге болады (эксаумақтық қағида бойынша).

Ескі нұсқадағы құжаттарды жаңа түріне ХҚО бармай-ақ, "электронды үкімет" порталына өтінім жіберу арқылы да жасау қарастырылған.

Бұл үшін 3,5х4,5 көлеміндегі цифрлық фотосуретті ұсынып, сканерден өткізілген нұсқаға жеке қолыңызды қоюыңыз керек.

Бұның бәрі графикалық құжат түрінде электронды өтініммен бірге жіберіледі.

Жергілікті тұрғындарға қолайлы болу үшін құжат мерзімінің аяқталуына бір ай қалғанда жеке куәлікті рәсімдеуге рұқсат беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1768224-iim-kazakstandyktarga-zeke-kuligin-auystyru-kerektigin-eskertti/

pixel