RU

Қызылордада "Самғау" жастар сыйлығы биыл жетінші рет табысталмақ

Қызылорда қаласының жастарына арналған дәстүрлі «Самғау» сыйлығына құжат қабылдау басталды.

Қала әкімінің «самғау» жастар сыйлығы биылғы жылы жетінші рет табысталады
Қызылорда әкімдігінің Facebook-тегі мұрағаттық парақшасы: Facebook

Бұл сыйлық, жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарының өзара байланысын нығайту, қала жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени деңгейінің артуына және жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, талантты, білімді, шебер, қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу және қолдау мақсатында тағайындалады.

Қала әкімінің «самғау» жастар сыйлығы биылғы жылы жетінші рет табысталады
Қызылорда әкімдігінің Facebook-тегі мұрағаттық парақшасы: Facebook

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады.

Қала әкімінің «самғау» жастар сыйлығы биылғы жылы жетінші рет табысталады
Қызылорда әкімдігінің Facebook-тегі мұрағаттық парақшасы: Facebook

«Самғау» жастар сыйлығына 14 пен 29 жас аралығындағы Қызылорда қаласының кез-келген жастары қатыса алады және арнайы құрылған комиссия қорытындысымен лайық деп табылған 10 жасқа 100 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Қала әкімінің «самғау» жастар сыйлығы биылғы жылы жетінші рет табысталады
Қызылорда әкімдігінің Facebook-тегі мұрағаттық парақшасы: Facebook

Айта кету керек, «Самғау» сыйлығы бұған дейін 6 жыл көлемінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып Қызылорда қаласынан 60 жас марапатталған.

Ал, биылғы жылы бұл шара 7-ші рет ұйымдастырылғалы отыр.

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығын тағайындау Ережесімен төмендегі сілтеме арқылы толық таныса аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768234-kyzylordada-samgau-zastar-syjlygy-biyl-zetinsi-ret-tabystalmak.html