RU

Астанада 80 жастағы қария мен 55 жастағы әйел шаңырақ көтерді

Астанада 80 жастағы қария мен 55 жастағы әйел шаңырақ көтерді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото:fishki.net
Көрнекі сурет. Фото:fishki.net: Instagram

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл 2018 жылы құрылған шаңырақтардың ішіндегі ең қарт жанұя екен.

Мамандардың айтуынша, Астанада ер адамдар 35 жасынан бастап отбасы құрса, әйелдер 25 жасында тұрмысқа шығады.

"Соңғы уақытта отбасын құратын адамдардың жасы ұлғайған. Қыздар - 25 жасында тұрмысқа шығып, ер адамдар - 35 жасында үйленуге шешім қабылдайтын болған", - дейді мамандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768276-astanada-80-zastagy-karia-men-55-zastagy-jel-sayrak-kterdi.html