RU

Мектептен 500 мың доллар ұрлаған монах әйелдер ақшаны құмар ойынға жұмсаған

АҚШ-тың Калифорния штатында католиктер мектебінде жұмыс істеген монах әйелдер 500 мың долларды жымқырып, ақшаның басым бөлігін Лас-Вегастағы құмар ойындарға жұмсаған. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

life.ru
Фото: life.ru: Facebook

Оқу орнының бұрынғы директоры Мэри Креупер мен бұрынғы мұғалім Лана Чанг балалардың оқуына бөлінген жәрдемақыны талан-таражға салған. Олар 500 мың долларды алты жылдың ішінде жымқырған.

Басқа қаржылық алаяқтық фактілері анықталмаған. Ұрланған ақшаға құрбылар үнемі Лас-Вегасқа барып, ойын-сауық құрып жүрген.

Лос-Анджелес архиепархиясының өкілдері монах әйелдерге айып тақпайтындықтарын, мәселені өздері шешетіндіктерін мәлімдеген.

life.ru
Фото: life.ru: Facebook

Әйелдердің алаяқтығы ата-ананың біреуі қаржының түскені туралы түбіртектің көшірмесін сұраған кезде әшкереленген. Сол кезде қызметкерлер ақшаның мектеп шотына түспегенін анықтаған.

Лана оқу орнында 20 жыл бойы сабақ берген. Бірнеше жыл бұрын оны мектеп директорының орынбасары етіп тағайындаған. Тергеу ақпаратынша, қаржылық алаяқтық 10 жыл бойы жасалған болуы мүмкін, бірақ мектеп табысы жақсы болғандықтан мұны ешкім байқамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1768278-mektepten-500-my-dollar-rlagan-monah-jelder-aksany-kmar-ojynga-zmsagan.html